Лента новостей
0

Алматыда Сирияға аттанбақ болған екі сәләфит 6 жылға сотталды

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 04.01.2017 21:45 Zakon.kz
Тіпті зайырлы өмір салтын жоққа шығарып, террористік ұйымдарға қосылып, ұрыстарға қатысу үшін Сирияға баруды да ойластырған.
Алматы облысында теріс пиғылды салафит ағымының жетегінде кеткен 1986 жылы туған Бейбіт Ахметжанұлы Жүсінов пен 1973 жылы туған Бауыржан Айтбекұлы Мұхамеджанов ҚР Қылмыстық кодексінің 2 бабы, 256 бөлімі және 1 бабы, 174 бөлімі бойынша қылмыс жасағаны үшін айыпты деп танылып, 6 жылға бас бостандығынан айырылды. Алматы облысы Қарасай аудандық сотының үкімі бойынша қылмыскерлер жазасын қатаң режимдегі колонияда өтейтін болады. Бұл туралы muslim.kz хабарлайды.

Тергеу барысында анықталғандай, Б.Жүнісов пен Б. Мұхамеджанов өздерінің діни білімін кеңейту мақсатында әртүрлі діни уағыздар жасайтын сайттарға кіріп отырған. Олардың арасында террористік ұйым ретінде тыйым салынған Ирак пен Ливан Ислам мемлекеті (ДАИШ) тарататын сайттар да бар.

Нәтижесінде ДАИШ идеяларына шырмалған олар Ислам мемлекетін күшпен орнатуға, яғни «Халифаттық» идеясы үшін күресуге үлкен мән бере бастайды. Тіпті зайырлы өмір салтын жоққа шығарып, террористік ұйымдарға қосылып, ұрыстарға қатысу үшін Сирияға баруды да ойластырған. Әлеуметтік, діни алауыздықты қоздыруға соқтыратын әрекеттерге барып, терроризм идеологиясын үгіттеген.

«Қарасай аудандық соты оларды айыпты деп танып, жазаларын қатаң режимдегі колонияда өтеу үшін алты жылға бас бостандықтарынан айырды» делінген баспасөз баянында.

Фото: vestnikkavkaza.net
Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: