Лента новостей
0

Үйін жалға беретін азаматтар жаңа талапты орындамаса жауапқа тартылады

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 05.01.2017 00:00 Zakon.kz
Өткен жылдың 22 желтоқсанында «Экстремизм және терроризмге қарсы күресу мақсатында ҚР кейбір заңдарына өзгерістер мен толықтырулар туралы» заң күшіне енген болатын.
Енді азаматтар жұмыс бабымен немесе басқа да бір мақсатпен басқа қалаға келсе, міндетті түрде тұрған жері бойынша тіркелуі керек. Ал баспананы жалға беретін азаматтар оларды өз пәтеріне немесе үйіне тіркеуі шарт. Ескерту бір ай көлемінде ғана жасалады. Ал бір айдан соң құқық қорғау органдары талапты орындамаған азаматтарға айыппұл салуды жоспарлап отыр. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында ҚР ІІМ Көші-қон департаменті бастығының орынбасары Галина Сәрсенова мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz.

Өткен жылдың 22 желтоқсанында «Экстремизм және терроризмге қарсы күресу мақсатында ҚР кейбір заңдарына өзгерістер мен толықтырулар туралы» заң күшіне енген болатын.

«Негізгі заң күшіне енгенннен кейін, біз 1 ай көлемінде Қылмыстық кодекстің талабы бойынша кейбір заңнамалық нормативтік актілерге өзгерістер енгізуге міндеттіміз. Яғни азаматтар заңда көрсетілген талапты орындамағаны үшін қандай жауапкершілікке тартылады, ал әкімшілік жауапкершілікке кім тартылуы керек деген мәселелерді қарастырамыз. Яғни бір айдан соң біз жұмыс істеуді бастаймыз», - деп жауап берді Г.Сәрсенова журналистердің сауалына.

Айта кетейік, бүгін ҚР ІІМ өкілдері еліміздегі азаматтарды тіркеу қағидасына неліктен өзгеріс енгізгенін түсіндірген болатын. Бұл заңдағы өзгерістер қоғамда қызу талқыға түсуде.

Дәурен Ерболат

Фото: Baq.kz
Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: