Лента новостей
0

Ақмола облысында 19 жастағы жігіт жоғалып кетті

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 05.01.2017 17:23 Zakon.kz
Іздестіру шараларына аудандық ІІБ жеке құрамы, ТЖБ қызметкерлері, 6636 əскери бөлімнің 2-ші атқыштар батальоны мен еріктілер тартылуда.
Ақмола облысының Жарқайың ауданында із-түзсіз жоғалған 19 жастағы жігіт іздестірілуде, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА аймақтық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ТЖД қызметкерлерінің мəліметі бойынша, жігіт 2017 жылғы 1 қаңтар күні сағат 11:00 шамасында Державинск қаласындағы теміржол вокзалынан шығып, сол күйі ұшты-күйлі жоғалған.

«Іздестіру шараларына аудандық ІІБ жеке құрамы, ТЖБ қызметкерлері, 6636 əскери бөлімнің 2-ші атқыштар батальоны мен еріктілер тартылуда. Кешегі күні іздестіру жұмыстары еш нəтиже бермеді, бүгін қайта жалғасатын болады», - деп түсіндірді баспасөз қызметінен.

Фото: GuildHall
Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: