Мұнай қайта қымбаттап, теңге қалпына келуде
Zakon.kz
Апта басында мұнай бағасына қарап құбылған теңгенің долларға шаққандағы бағамы бірнеше аптадан бергі минимумға түсіп, 334-ке дейін барған еді.
Бүгін Астана уақытымен 10:00-де Брент маркалы мұнайдың құны барреліне 56,30 долларға дейін қымбаттады, деп жазады naryk.kz.
Апта басындағы демалыс күндері ОПЕК+ келісімінің күшіне енгенінен бастап қара алтынның құны сәл төмендеп, 55 долларды маңайлаған еді. Кешелі бері Кувейт пен Оманның және Ирактың мұнай өндірісін азайта бастағанын мәлімдегенінен кейін шикізат бағасы қайта көтеріле бастады.
Апта басында мұнай бағасына қарап құбылған теңгенің долларға шаққандағы бағамы бірнеше аптадан бергі минимумға түсіп, 334-ке дейін барған еді. Дегенмен, бүгін шикізат құнының қайта көтерілуімен ұлттық валюта қайта нығайып, KASE-нің таңғы сессия қорытындысы бойынша бір АҚШ доллары 332,57-ге тең болды.
Фото: naryk.kz
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript