Лента новостей
0

Атырауда зейнеткерді тонаған ұры кейіннен оны балталап өлтіріп кеткен

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 06.01.2017 16:16 Zakon.kz
Атырау облысында жалғызбасты зейнеткерді өлтірген қасгөй сотталды.
Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметінің мәліметінше, Аққыстау селосының тұрғыны М.А. зейнеткер К.С.-нің жалғыз тұратынын, жинақ ақшасы бар екеніндігін біліп, жасырын үйіне кіріп 334 721 теңге ақшасын жымқырған, деп жазады stan.kz.

Зейнеткер бұған өзінің көршісі мен оның үйіне жиі келетін інісі М.А. -дан күдіктенген. Сөйтіп бір күні қария үйдің дәлізінде көршісін кездестіріп, одан ұрланған ақшаны қайтаруды талап етеді.

Сол сәтте қарттың қатты дауысын естіген М.А. ағасының үйінен жүгіре шығып, қолына алған балтамен пәтеріне кіріп бара жатқан зейнеткердің мойын тұсынан ұрады. Қарияны үйіне сүйреп кіргізіп, өзі қашып кетеді.

Біраз уақыттан кейін қылмысты жасыру үшін, адам өлімі болған жерге қайта оралып, мүрдені кілемге орап, үйден алып шығып, көшедегі кәріз құдығына лақтырып жібереді.

Сот үкімімен М.А. кінәлі деп танылып, мүлкі тәркіленіп, 17 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Жазаны өтеу орны «ерекше режімдегі” түзеу колониясы болып белгіленді.

Сот үкімі заңды күшіне енді.

Фото: stan.kz
Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: