Лента новостей
0

Нан қымбаттауы мүмкін

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 06.01.2017 21:56 Zakon.kz
Қазір 69 теңгені құрап отырған әлеуметтік нан бағасы 75 теңгеге бірақ жетуі мүмкін.
Алматыда нан бағасы қымбаттауы мүмкін. Мегаполисті негізгі азық-түлікпен қамтып отырған алпауыт компанияның бірі, «Ақсай» нан-тоқаш комбинаты нанның бағасын 6 теңгеге өсіруді жоспарлап отыр,дейді BAQ.kz.

Осылайша қазір 69 теңгені құрап отырған әлеуметтік нан бағасы 75 теңгеге бірақ жетуі мүмкін.

Комбинаттың сөзіне қарағанда, олар пайдаға кенелудің орнына шығынға батып жатыр екен. Өйткені осы күнге дейін сатып алып жүрген ұнның бағалары қымбаттап кеткен. Статистикаға сүйенсек 2010 жылы нанның бағасы 55 теңге болған. Ол кезде ұнның келісі 40 теңгені құраған. Ал қазір негізгі шикізаттың құны екі есе жоғарылап, 92 теңгеге бірақ жеткен. Компания басшылығы бағаны көтеруден басқа амалымыз жоқ дейді.

"2014 жылдың ақпан айынан бастап, әкімшілік дотацияланған ұн беретін бізге. Сондай ақ 1 сұрыпты ұн сатып алып, екеуін араластырып нан пісіретін едік. Ал қазір әкімшіліктен де көмек жоқ, ұнның бағасы да шарықтап кеткен. Енді нанды қымбаттату жөнінде депутаттарға ұсыныс жолдадық. Жауаптарын күтіп отырмыз" - дейді «Ақсай» нан-тоқаш комбинаты ЖШС-нің бас директор орынбасары Раиса Цыганок.

Фото: Baq.kz
Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: