Лента новостей
0

Оңтүстікте қалдықтан цемент алудың технологиясы пайда болды

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 06.01.2017 23:37 Zakon.kz
Жаңа технологияны дайындауға техника ғылымның докторы профессор Ж.Т. Әйменов жетекшілік жасаған.
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетінің ғалымдары «Ашполиметалл» АҚ-ы аумағында түсті металл кеніштерін өндіру барысында пайда болған қалдықтардан композициялық цемент алудың технологиясын ойлап тапты, – деп хабарлайды dalanews.kz «Мемлекеттік ұлттық ғылыми-техникалық сараптама орталығы» АҚ баспасөз қызметі берген ақпаратқа сілтеме жасап.

Жаңа технологияны дайындауға техника ғылымның докторы профессор Ж.Т. Әйменов жетекшілік жасаған.

Түсті металл кендерін өңдеуден пайда болған қалдықтарды пайдалануға қатысты ғылыми жоба құрылыс саласы мен өңірдің экологиялық мәселелерін реттеуге мүмкіндік туғызып отыр. Мамандардың есебінше, жаңа технологиямен өндірістік қалдықтарды өңдеу барысында 30 пайызға дейін портландцемент клинкерін алуға болады екен. Сонымен қатар ауға тарайтын СО2 30-40 пайызға дейін азайтуға мүмкіндік береді.

Технология Кентау қаласы маңында тау болып үйіліп жатқан өндірістік қалдықтарды иегеріп, экономикалық игілігін көруге мүмкіндік беретінін айта кетуіміз керек. Бүгінде мұнда 135 млн. тоннаға дейін өндірістік қалдықтар жиналып қалған.

Фото: dalanews.kz
Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: