Бір күнде 2 мыңнан астам астаналық жедел жәрдем көмегіне жүгінген
Zakon.kz
Кеше ЖРВИ ауруымен науқастанған 527 адам медициналық көмек сұраған.
Қазіргі таңда елордада тұмау ауруы өршіп тұр. Кеше, яғни 8 қаңтарда Астана қаласының жедел медициналық жәрдем көмегіне 2332 адам жүгінген, деп хабарлайды Baq.kz.
Астана қалалық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, кеше ЖРВИ ауруымен науқастанған 527 адам медициналық көмек сұраған. Олардың 134-і – 1 жасқа дейінгі балалар, үш бала ауруханаға жатқызылған. Көмекке жүгінгендердің 264-і – 18 жасқа дейінгі балалар, ал 139-ы – ересектер, алты ересек науқас ауруханаға жатқызылған.
Қымбат Елтайқызы
Фото: Baq.kz
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript