Оралда көп қабатты үйдің терезесінен құлап кеткен бала тірі қалды
Zakon.kz
Қазіргі кезде ол облыстық ауруханада емделуде.
Орал қаласында 7 қаңтар күні таңертең сағат 07.55-те көп қабатты үйдің терезесінен төрт жасар бала құлап кеткен, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.
БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Флюра Саматованың айтуынша, бала жабық бас-ми жарақатын алған, оған қоса кеуде тұсы зақымданған. Қазіргі кезде ол облыстық ауруханада емделуде. Бүлдіршіннің өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.
Фото: inform.kz
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript