Лента новостей
0

Қостанайда екі келіншек өздерінің ең жақын құрбысының банк картасын ұрлап кеткен

zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 09.01.2017 20:47 Фото: zakon.kz
Дереу іздеу жұмыстарын жүргізген полиция ертеңіне 34 және 30 жастағы екі күдіктіні анықтайды.
Қостанайда рождество мерекесі қарсаңында ірі ұрлық оқиғасы орын алды. Полицияға шағым түсірген 35 жастағы әйел өзінің банк картасын ұрлатып алғанын айтады. Оның есепшотынан 400 мың теңге алыныпты. Бұл туралы stan.kz, облыстық ІІД баспасөз қызметі берген ақпаратқа сілтеем жасап хабарлайды.

Дереу іздеу жұмыстарын жүргізген полиция ертеңіне 34 және 30 жастағы екі күдіктіні анықтайды. Олар екеуі де зардап шеккен әйелдің құрбылары болып шыққан. Белгілі болғандай, олар бірге спирттік ішімдік ішіп, мерекені атап өткен екен.

Алайда зардап шеккен әйел, құрбылары осындай қадамға барады деп ойламағандықтан, бірден олардан күдіктенбеген. Ал күдіктілер болса картадан алған ақшаны жаратып үлгеріпті. Қазіргі таңда ұрлық ісіне байланысты тексеру жүріп жатыр.

Фото: stan.kz
Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: