Лента новостей
0

Атырауда қаңғыған иттер адамға шауып жатыр

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 10.01.2017 16:15 Zakon.kz
2016 жылы облыс бойынша, 1300-ден астам адамды ит қауып, 9382 ит атылған.
Атырауда қаңғыған иттер көбейіп, адамға шауып жатыр. Күні кеше қала маңындағы Еркінқала ауылында 8 жастағы ер баланы иттер талап тастады. Көше бойында ес-түссіз жатқан баланы тұрғындар кездейсоқ тауып алып, тиісті орындарға хабарлаған. Бұл оқиға өз кезегінде ауылдың өзге тұрғындарының үрейін ұшырып отыр. Ал, шенеуніктер осы оқиғадан соң ғана іске кіріскен, деп жазады КТК телеарнасы.
Итке таланған 8 жасар бала қазір өмір мен өлім арасында жатыр. 2-ші сынып оқушысы ауруханаға тіпті клиникалық өлім жағдайында жеткізілді дейді дәрігерлер. Тек жедел көрсетілген көмектің арқасында аман алыпты.

Нұрғабыл Айтмұхамбетов, Атырау облыстық балалар ауруханасының бас дәрігері:

-Оң жақ саны тістелінген баланың, үстінде көптеген ушибтары бар, жарақаттары бар, царапина солармен емдерін алып жатыр. Күні бүгінге баланы жарақат бөлімшесіне аударуға әзірлеп жатырмыз, қазіргі жағдайы баланың жақсарды.

Осы оқиғадан соң ауыл тұрғындары үрейленіп отыр. Тіпті, мектепке балаларын жетектеп әкелетін жағдайға жетіпті. Бұралқы иттердің көптігінен сескеніп, тиісті орындарға әлденеше рет ескертілген екен. Бірақ әкімдіктегілер оқыс жағдай болғанша еш шара қабылдамапты.

Әлия Имашева, Атырау қаласының тұрғыны:

-Ит уақытында атылып жатқан жоқ. Алдында мезлігінде атылады деп келген, жоқ, міне, кеше келгенде жағдай болғанда келіп 6 машина бірдей келіп, атып жтыр. Мысалы, тек бер жағынан атылды, ар жақта толып жүр.

Зоя Сапарова, Атырау қаласының тұрғыны:

-Ит көп ауылда мектептен қызымды үйге дейін қуып келеді. Әкеліп тастаймыз, кейде өзі шығып кетеді. Айттық осы талай рет ескертіп әкімшіліктерге.

Иттермен күресті күрт бастауға шошынып қалған жұрттың жан-жақтан арыз түсіріп, телефон шалуы себеп болғанын әкімдіктегілер де мойындап отыр. Тіпті, арнайы 6 топ кешелі бері 150-ден астам иттің көзін жойып үлгерген екен. Тек олардың көбейіп кетуіне шенеуніктер тұрғындардың өздерін кінәлады.

Амантай Айтбаев, Атырау қаласы әкімінің орынбасары:

-Қолдарындағы ит-мысықтарының құжаттары жоқ болғандықтан, жауапкершіліктен қашып, далаға қоя беретін де жағдайлар көп кездесіп отыр. Бұл да олардың санының көбеюіне себепші болуда.

2016 жылы облыс бойынша, 1300-ден астам адамды ит қауып, 9382 ит атылған. Биыл да сол мақсатқа 27 миллион теңге бөлінбекші. Ал Атырау облыстық ішкі істер департаменті мектеп оқушысының итке талануына байланысты тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Фото: Vox populi
Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: