Лента новостей
0

БҚО-да інісі ағасын пышақтап өлтірді

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 10.01.2017 16:27 Zakon.kz
Марқұм аудандық ауруханаға жеткенше жан тапсырған.
Бөкей ордасы ауданы орталығы Сайқын ауылында 6 қаңтар күні қайғылы оқиға орын алды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.

Аудандық ішкі істер бөлімінен алынған алдын ала мәліметке қарағанда, 1989 жылғы Бекет Қожантаев алдымен жеңгесі Қарашашқа пышақ жұмсаған. Сол кезде арашаламақ болған өзінен бір жас үлкен ағасы Медетке төрт рет пышақ сұққан.

Марқұм аудандық ауруханаға жеткенше жан тапсырған. Төрт айлық сәбиі бар жеңгесі қазір аудандық ауруханада емделуде.

Қазіргі кезде осы дерекке байланысты қылмыстық іс қозғалып, сот-медициналық сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Ауыл тұрғындарының айтуынша, арасы бір жас болғанымен, Медет пен Бекет мектепті бір жылда бітірген.

Інісі жоғары білімді болғанымен, үш-төрт айдай үйінде жұмыссыз отырған. Бұрын олардың ашу-араздықтары байқалмаған. Бір шаңырақты ортасына түсірген қайғылы оқиғадан кейін бүгін Медет жер қойнына тапсырылды.
Фото: Zanmedia.kz
Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: