Куәгерлер: Павлодарда атыс кезінде автоматты да қолданған
Zakon.kz
Бір көліктің мемлекеттік нөмірі Атырау өңіріне тиесілі болса, екінші көліктің нөмірі Ресей Федерациясына тиесілі.
Павлодардағы Бизнес орталығында болған қақтығыс кезінде автоматтан да атқан, деп хабарлайды рavlodarnews.kz.
- БМВ мен Лексус жүргізушісі ұзақ уақыт бойы дауыс көтеріп сөйлескен. Кейін жүргізушілердің бірі пистолетін алып шықты, екіншісі көлігіне жақындап автоматын алды. Бұдан кейін атыс басталды. Мен жерге жата қалып, ақырын сырғып қашып кеттім, - дейді куәгер.
Сондай-ақ куәгердің айтуынша, бір көліктің мемлекеттік нөмірі Атырау өңіріне тиесілі болса, екінші көліктің нөмірі Ресей Федерациясына тиесілі. Естеріңізге сала кетсек, Павлодарда Толстой мен 1Май көшелерінің қиылысында атыс болып, салдарынан БМВ жүргізушісі бет және арқа жарақатын алған.
Кеше полицейлер оқиға орнынан ізін суытқан Лексус көлігін, оның жүргізушісі мен жолаушыларын ұстады.
Фото: Рavlodarnews.kz
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript