Қазақстанның сот сараптамасы шешімдері әлемнің 90 мемлекетінде мойындалады
Zakon.kz
Орталық Ақмола, Алматы, Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстарында орналасқан зертxаналарға сапа стандарттарын енгізуді межеленіп отыр.
Қазақстанның сот сараптамасы мамандарының шығарған шешімдері әлемнің 90-нан астам мемлекетінде мойындалады, деп xабарлайды ҚазАқпарат. Бұл туралы ҚР Әділет министрлігі Сот сараптамасы орталығының директоры Исидор Борчашвили мәлім етті.
Айта кетейік, бүгін бірқатар Мәжіліс депутаты аталмыш орталықтың жұмысымен танысты. «Бізге xалықаралық деңгейге шығу керек, ал ол үшін аккредитациядан өтуіміз шарт. Біздің елде қаншалықты мықты мамандар барын дәлелдеуге тиіспіз. Бір айта кететін жайт - Астанадағы Сот сараптамасы орталығы былтыр аккредитациядан сәтті өтті.
Енді биыл кеңеюдеміз, облыстар бойынша да осындай аккредитациядан өтетін боламыз. Бұл - Қазақстанның сот сараптамасы мамандарының шығарған шешімдері, дәлелдеме база ретінде әлемнің 90-нан астам мемлекетінде мойындалады деген сөз», - деді Борчашвили.
Орталық Ақмола, Алматы, Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстарында орналасқан зертxаналарға сапа стандарттарын енгізуді межеленіп отыр. Кездесу барысында Парламентпен қабылданған жаңа заңнамалық актілердің бірқатар қағидаттары талқыға салынды.
Мәжіліс депутаты Светлана Бычкова Парламент қабырғасында қаралып жатқан «ҚР-дағы сот-сараптама қызметі туралы» заң жобасының жаңашылдықтарымен таныстырып өтті. Оның ең басты жаңалығы - елдегі сарапшылық функцияларды бір мемлекеттік органның ішінде орталықтандыру жоспары. Заң жобасы бойынша, елде жекеменшік сот сарапшылары институтын дамыту, сот сарапшылары палатасын құру көзделген.
Фото: inform.kz
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript