Қазақстанмен шекаралас аумақта беймәлім жануар камераға түсіп қалған
Zakon.kz
Жануар "Эби көлігінің қызыл бұғысы" деп аталып кеткен екен.
Сирек кездесетін жануар Қытайдың солтүстік-батысындағы Синцзян провинциясында инфрақызыл камераға түсіріп алған. Ол жылқы мен бұғы аралас жануарға ұқсайды. Бұл беймәлім жануар Қытайдың Қазақстанмен шекаралас аумағындағы Эби көліндегі табиғи қорықта түсірілген. Бұл туралы "Жэньминь Жибао" хабарлайды,- деп жазады qamshy.kz.
Жануар "Эби көлігінің қызыл бұғысы" деп аталып кеткен екен. Ол туралы аз зерттелгендіктен және ол өте сирек кездесетін жануар түрі болғандықтан "Эби көлігінің қызыл бұғысы" беймәлім жануар болып есептеледі. Оны соңғы рет 2004 жылы көрген екен.
Сол кезден бері бұл жануарды ешкім де жақыннан көрмеген. Ал былтыр ғалымдар жануарларды камераға түсіру үшін Эби көлінің аумағында бес жасырын камера орнатқан. Осылайша, ғалымдарда жануардың сирек түрін суретке түсіріп алуға мүмкіндік туған.
Фото: qamshy.kzъ
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript