Елімізде вирустық инфекция өршіп барады
Zakon.kz
Дәрігерлер ел аумағында қауіпті Ганконг вирусының таралғанын да айтады.
Елімізде вирустық инфекцияның қауіпті кезеңі жақындап келеді. Осылай дабыл қаққан дәрігерлер қаңтартың аяғы мен ақпанда науқастар саны күрт көбейеді деп отыр. Онсыз да, қазір елімізде тұмау өршіп тұр. Соңғы аптада осы аурумен 25 мың адам тіркелген. Тұмаудың тез таралуына ауа-райының күрт жылынуы да қолайлы жағдай жасап отыр екен, деп жазады КТК телеарнасы.
Биыл ғана емес, соңғы жылдары тұмаудың қарқыны қатты. Еліміз бойынша қазір аптасына кемі 25 мың адам осы вируспен тіркелуде. Тұмау, әсіресе, Алматы мен Қостанайда өршіп тұр.
Айнагүл Қуатбаева, Жұқпалы ауруларды эпидемиологиялық мониторингтеу департаменті директорының орынбасары:
- Эпидемиологиялық маусым бірінші қазан айынан бастап есептелетін болса 250 мыңға жуық адам ауырған. Оның ішінде лабороториялық деңгейде 820-дан астам тымау вирустарымен зақымдалғанын дәлелдеп отырмыз.
Бұл ресми тіркелгендері ғана. Науқастардың көбі жұқпалы дертті үйде емдегенді жөн көреді. Сөйтіп, ауруын асқындырып алғандар да талай кездескен. Инфекциялық ауруханада емделіп жатқан Әсем солардың бірі.
Әсем Бай:
-Таңертең тұрғанда орнымнан тұра алмадым. Басым өте қатты ауырды. Мұрным ашиды. Мұрным ашығаннан басым ауырады. Тамағым жұтындырмады. Сол жақ құлағым жөтелсем бітеліп қала береді. Және жөтелгеннен іш құрылыстарым ауыра бастады.
Әсем жатқан ауруханадағылардың жартысы осы респираторлық вирустық инфекцияға шалдыққандар. Көбіне тұмауды кішкентай балалар мен жүкті әйелдер тез жұқтырғыш келеді екен. Ауа-райының күрт жылынуы да бұған әсер етіп отыр дейді дәрігерлер.
Бақыт Утаганов, Алматы қалалық жұқпалы аурулар ауруханасының бөлім меңгерушісі:
-Тұмау және жедел респираторлы вирусты инфекция салқын түссе басталады. Ауа-райының жылуына байланысты науқастар көбіне жеңіл жүреді. Қоғамдық ортаға жиі барады. Соған байланысты көбеюі мүмкін.
Оның үстіне тұмаудың асқынатын кезі де жақындап келеді. Қаңтардың соңы мен ақпанның басы аса қауіпті кезең дейді дәрігерлер. Сондықтан, науқастар санының еселеп артуы ғажап емес.
Дәрігерлер ел аумағында қауіпті Ганконг вирусының таралғанын да айтады. Дегенмен, вирустың Қазақстанды айналып өтпейтінін білген мамандар алдын-ала оған қарсы вакцина да жасапты. Жалпы осы эпидемиялық маусым алдында тұмауға қарсы арнайы екпе алғандар саны 2 миллионнан асқан.
Фото: hochu.ua
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript