Лента новостей
0

Астанада әйел 8 баласымен бірге адам шошырлық жағдайда тұрып жатыр

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 13.01.2017 18:03 Zakon.kz
Тұрғын үй кешенін салушы құрылысты бітіре алмай, сотталып кеткен.
Астанада Бақтыгүл Асылбекова сегіз баламен бірге адам шошырлық жағдайда өмір сүріп жатыр. Пәтерде не жылу, не су, не жарық жоқ. Бұл туралы stan.kz, 31 арна жариялаған ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Тұрғын үй кешенін салушы құрылысты бітіре алмай, сотталып кеткен. Ал көпбалалы әйел енді қайда барып көмек сұрарын білмей отыр. Көпбалалы ана ең жылылау деген бөлмені паналауда. Бөлме мен даладағы температураның пәлендей айырмашылығы бар деп айту қиын. Сосын амал жоқ сырт киімдерін киіп отыруға мәжбүр. Үйде жарықты да өшіріп тастағандарына осымен бесінші күн.

“Наурыз, сәуір айларында біз онсызда пәтер жалдадық. Менде қазір ақша жоқ, 8 балам бар ақша төлейтіндей күйде емеспін. Балаларымның киерге киімдері де жоқ. Мектепке баруды да қойды”, – дейді “Төленді” тұрғын үй кешенінің тұрғыны Бақтыгүл Асылбекова.

Онымен бірге тұрған өзгелер де сусыз, жылусыз тұрса да, жарықтары өшпеген. “Астана Энергия өткізу” болса үлескерлердің миллиондаған қарызына байланысты жарықты ажыратып тастапты.

“Астана Энергия өткізу” бізге төлем үшін кейінге шегеру уақытын берген, бірақ көріп отырсыздар жағдай қиындап кетті. “Жаңа Көкталмен” абоненттік келісім-шарт жасалған. Олар болса қандай да бір тығырыққа тіреу үшін жарықты өшіруге тырысуда”, – дейді “Astana City Build” ЖШС бас мердігерлік ұйымының өкілі Арман Қасымов.

Фото: stan.kz


Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: