Лента новостей
0

ОҚО-да алдағы үш жылда апатты мектеп мәселесі толық шешіледі

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 13.01.2017 21:35 Zakon.kz
Бұйыртса тар бөлмеде қысылып, үш ауысымда оқып жатқан 1700 оқушы 1 қыркүйекте жаңа ғимарат табалдырығын аттайды.
Оңтүстік Қазақстан облысындағы апатты және үш ауысымдағы мектептің мәселесі алдағы үш жылда толық шешіледі. Бұл туралы Шымкентте салынып жатқан 1200 орындық нысанның құрылысымен танысқан Мәжіліс депутатары мәлімдеді, деп жазады Хабар 24 арнасы.

Білім саласындағы түйткілді мәселенің тарқатылуына «Нұрлы жол» бағдарламасы сеп болуда. «Достық» мөлтек ауданынан бой көтерген мектептің іргетасынан бастап құрылыстың 80%-ына отандық өнім қолданылған. Мердігер нысанды мерзімінен үш ай бұрын тапсырамыз,-деп отыр.

Бұйыртса тар бөлмеде қысылып, үш ауысымда оқып жатқан 1700 оқушы 1 қыркүйекте жаңа ғимарат табалдырығын аттайды. Қазір облыста 96 әлеуметтік нысанның құрылысы жүріп жатыр. Оның 27 мектеп. Апта бойы ел аралап қарапайым халықпен жүздескен мәжілісмендер көпшілік тарапынан айтылған ұсыныс пікірлер ескеріледі деп отыр.

Байділдә Жылқышиев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Бүгінгі таңға қалғаны облыс бойынша 19 апатты мектеп бар екен. 2019 жылы бағдарлама бойынша апатты мектептің бәрі жабылады. Үш ауысымды мектептен қазір облыс бойынша 11 мектеп қалыпты. Ол да сол бағдарлама бойынша 2019 жылы жабылады.Бұл деген өте үлкен тірлік.Үш ауысым да, апатты мектеп те 2019 жылы болмайды деген сөз.

Фото: 24.kz
Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: