Ақтөбеде де уақытша тіркеуге қатысты жалған ақпарат тарады
Zakon.kz
Көші-қон басқармасындағылар арнайы үй-үйді аралап, тіркеуді тексеру шаралары жүргізілмейтінін айтты.
Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі өңір басшысы тіркеуге келгендерді үйге кіргізбеуге шақырғаны жайлы ақпарат шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді. Жалған мәлімет WhatsApp және әлеуметтік желілер арқылы тараған, деп хабарлайды Baq.kz.
Бұл хабарлама облыс әкімдігінен шықпаған және шындыққа жанаспайды.
Көші-қон басқармасындағылар арнайы үй-үйді аралап, тіркеуді тексеру шаралары жүргізілмейтінін айтты.
Tilshi.kz ақпарат агенттігінің мәліметінше, облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың тапсырмасымен тіркеуге 40 ерікті тартылды, олар Халыққа қызмет көрсету орталықтарында азаматтарға көмектеседі.
Естеріңізге сала кетейік, кеше Астана қаласының әкімдігі әлеуметтік желілер арқылы тараған уақытша тіркеуге қатысты ақпаратты жоққа шығарған болатын.
Фото: Baq.kz
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript