Қашағанның алғашқы миллион тонна мұнайы экспортқа жіберілді
Zakon.kz
Кен өндіру 2016 жылдың қыркүйек айында басталып, қазіргі таңда оның қарқыны тәулігіне 180 000 баррель мұнайға жетті.
Каспий теңізінің қазақстандық бөлігіндегі қайраңда орналасқан Қашаған кенінің алғашқы миллион тонна мұнайы өндіріліп, экспортқа жіберілді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.
«2017 жылдың 13 қаңтары күні Каспий теңізінің қазақстандық бөлігінде мұнай мен газ өндіру бойынша алғашқы жобаның операторы Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В. жариялағандай, 8 қаңтар күні Қашаған кенінде қауіпсіз өндіріс пен экспорт көлемі бір миллион шикі мұнай және конденсатты құрады.
Кен өндіру 2016 жылдың қыркүйек айында басталып, қазіргі таңда оның қарқыны тәулігіне 180 000 баррель мұнайға жетті. Ілеспе газды (күкірт) қайта айдау мен оңтайландыруды бастағаннан кейін алғашқы қашағандық жобаның кезеңі аясында өндіріс деңгейін тәулігіне 370 000 баррельге жеткізу жоспарда бар», - деп хабарлайды НКОК баспасөз қызметі.
Фото: focus.ua
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript