Алматы облысында 4 адам тікұшақпен құтқарылды
Zakon.kz
Оқиға Балқаш ауданында орын алды.
Алматы облысында 4 адам тікұшақпен құтқарылды. Оның екеуі кішкентай балалар деп хабарлайды «ҚазАқпарат».
Облыстық ТЖД-і баспасөз қызметінің мәліметінше, шұғыл түрде әрекет етуге өзен суының жайылуы себеп болған. Оқиға Балқаш ауданында орын алды. Іле өзені маңында орналасқан шаруа қожалықтарының ауласын су басқан. Судың тереңдігі жарты метрге толмайды дейді, мамандар.
Аталған аймақта «Ахмет», «Самат» және «Дәулет» қожалықтарының 7-і өкілі тұрады. Қазір 4-і арнайы тікұшақпен құтқарылды. Қалған үш адам қожалық басында. Өзен суының не себепті көтерілгені анықталды. Белгілі болғандай, Іледегі мұздар қатып, шұға пайда болған. Соның салдарынан өзен арнасынан шығып, жайылған. Аталған елді-мекендерді су басу қаупі жоқ дейді, ТЖД.
Фото: www.inform.kz
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript