Лента новостей
0

Өскеменде жолақы құны 90 теңгеге дейін өседі

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 16.01.2017 21:24 Zakon.kz
70 жастан асқан зейнеткерлер үшін жолақы құны 50 теңге, мектеп оқушыларына - 45 теңге деп белгіленіп отыр.
Өскеменнің қалалық мәслихат отырысында депутаттар мен тасымалдаушылар қоғамдық көліктегі жолақы құнын бекітті. Енді ақпан айынан бастап, Өскемендегі автобустардың жолақы бағасы бұрынғыдай 75 теңге емес, 90 теңге болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қала әкімінің орынбасары Арман Ысқақовтың айтуынша, Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, концлагерь тұтқындары, тыл еңбеккерлері, көпбалалы аналарға, «Алтын алқа» иегерлеріне, көз жанары бойынша мүгедектер және азаматтардың өзге де санаттарына арналған жеңілдіктер қалады.

70 жастан асқан зейнеткерлер үшін жолақы құны 50 теңге, мектеп оқушыларына - 45 теңге деп белгіленіп отыр. Ал студенттерге жолақы билеттері 50 пайыздық жеңілдікпен сатылады. Жолақының көтерілуіне жанар-жағармай мен қосалқы бөлшектердің қымбаттауы себеп болып отыр. Қалалық автопарктерде жүргізушілер тапшы. Сондай-ақ, қоғамдық көліктердің 70%-ы - ескірген.

Бұл талқылаулар бір айдан астам уақыт жалғасты және тараптардың мүдделерін қорғауда үлкен келіспеушіліктер орын алған да болатын. Дегенмен депутаттар мен тасымалдаушылар бір ымыраға келді. Ысқақовтың мәлім еткеніндей, бұл тариф тасымалдаушылардың барлық шығындарын толтыруға жетеді.

Автопаркті жаңарту мәселесі арнайы бағдарлама арқылы шешілуі ықтимал. Сонымен қатар, оның айтуынша, тасымалдаушылардың қызмет сапасы біршама артуы тиіс.

Фото: ng72.ru
Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: