Оралдың жылу жеткізуші мекемесінде заң бұзушылықтар анықталды
Zakon.kz
Бұған дейін кәсіпорын 4 жарым миллион теңге көлемінде айыппұл төлеген.
Оралдағы «Жайық жылу қуат» кәсіпорнының қызметінен 1 жарым мыңдай заң бұзушылық дерегі анықталды. Прокуратура қызметкерлерінің айтуынша, жылу жеткізуші мекемеде бюджет қаржысы тиімсіз жұмсалып, қондырғыларды қолдануда тиісті техникалық талаптар сақталмаған, деп жазады Хабар 24 арнасы.
Бұған дейін кәсіпорын 4 жарым миллион теңге көлемінде айыппұл төлеген. Бір лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Қазір бірнеше қызметкерге қатысты мүлікті талан-таражға салу бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды.
Тәжиден Найманов, облыс прокурорының орынбасары:
- Құны 35 миллион теңге болатын екі бірдей су тазарту сүзгісі сатып алынғаннан кейін екі жыл бойы қолданылмаған. Тексеру барысында бұл аппараттардың кәсіпорынға мүлде қажет еместігі анықталды. Қазір осы және өзге де жәйттерге байланысты сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Нәтижесін істің ақ-қарасы анықталғаннан кейін хабарлайтын боламыз.
Фото: 24.kz
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript