Лента новостей
0

Депутаттар зейнетақы қорындағы ақшаны мерзімінен бұрын алуды ұсынды

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 17.01.2017 18:48 Zakon.kz
Ақша зейнетке шыққаннан кейін беріледі.
Парламент депутаттары кеше зейнетақы қорының тағдырын сөз етті. Халық қалаулылары тұрғындардың қордағы қаражатты мерзімінен бұрын алуына мүмкіндік беру керек дейді. Бұл туралы “Евразия” арнасы хабарлайды.

Зейнетақы қорындағы қаражатты алған жұртшылық оны оқуға, емделуге, несиесін жабуға жұмсар еді деп отыр. Әрине, бұл ретте қорда белгілі бір мөлшерде ақша қалу керек дегенді айғақтайтын шектеу де қатар енгізілуі тиіс. Ол ақша зейнетке шыққаннан кейін беріледі.

“Мен толыққанды орта деңгейден де жақсы өмір сүру үшін актуарны есепті санап беріңіздерші. Қалғандарын алып тастауға рұқсат беріңіздер”, – дейді ҚР парламенті мәжілісінің депутаты Гүлжан Қарағұсова.

Сонымен қатар, мәжілісмендер кәсіпкерлерге салынатын тұрақты салық туралы мәселені де айналып өтпеді.

“Біз жұма күні азаматтармен кездесіп, өңірлерден келдік. Сонда кәсіпкерлер 2016 жылы салық органдары тарапынан тексеріс қатты болғанын айтып шағымданды. Өткен жылдың 11 айында бюджетке әкімшілік айыппұл, өсім, санкция, салық бәрін қосқанда 6,2 миллиард теңге түскен. Бұл 2015 жылмен салыстырған бір жарым есеге көп. Бүгін менің әріптесім мұндай нәтижені тәуелсіз Қазақстан тарихында әлі естімегенін айтты”, – деді депутат Аманжан Жамалов.

Фото: Qazaquni.kz
Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: