Атырау облысында әйел өзін ұрып ауруханадан бір-ақ шығарған келініне кешірім берді
Фото: zakon.kz
Екі тарап өзара келісімге келгеннен кейін сот істі тоқтатты.
Атырау облысында келінінен таяқ жеп ауруханадан бір-ақ шыққан әйел, сотта оған кешірім берді. Бұл туралы stan.kz Махамбет аудандық сотының баспасөз қызметі берген ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.
Таңдай ауылында енесімен ұрысып қалған тұрғын, оны қолымен бетінен ұрған. Қатты соққыдан енесі жерге құлап түсіп, ауруханаға жеткізіледі.
Сотта айыпталушы өз кінәсін толық мойындап, өкінетінін айтты. Ал зардап шегуші жас келін өз баласының әйелі болғандықтан, оны кешіретінін түсіндірді.
Екі тарап өзара келісімге келгеннен кейін сот істі тоқтатты.
Фото: stan.kz
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript