Лента новостей
0

72 жастағы апа спорт алаңшасында жаттығып жүр

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 18.01.2017 19:54 Zakon.kz
Шымкентте Бибіайша Ахметова есімді ерекше әже тұрады. Ол кісінің жасы қазір 72-де.
Бибіайша әже әлі де тың, қартайдым деп қарап отырмайды. Саламатты өмір салтын ұстанып, түрлі дене жаттығуларымен айналысады. Біз ол кісіні Шымкенттегі №11 шағынауданда орналас­қан шағын спорт алаңшасында кезіктіріп, сөзге тарт­тық, деп жазады zamana.kz.

«Осы жасқа келгенше дәрігерге тексерілген емеспін, – дейді Бибіайша апа. – Бұл жасқа келіп, әлі де ширақ жүруім бірінші Алланың, екінші көп жұмыс істегенімнің арқасы шығар. Жас кезімде жұмысқа құмар болғанмын. Соғыс жылдарында өмірге келгендіктен еңбекке ерте араластық, жұмыс талғамай істей беретінбіз. Бұрынғының адамдары шаршау дегенді білмеген ғой. Мен өзім жеті жасымнан бастап колхоз-совхоздарда жұмыс істегенмін. Әке-шешемнің жанында жүріп мақта теріп, шабық шабатынбыз. Өз басым көп қимылда болған адам ешқандай ауруға ұшырамайды деп ойлаймын».

Бибіайша апа таңертең және кешке жаттығу жасауды әдетке айналдырған екен. Одан бөлек, үйінде тігін тігіп, сиыр сауып, күбі пісе беретінін айтады. Одан қалса, немерелеріне киім тоқиды екен.

«Көп адамдар маған осынша жасқа келсе де тыным таппай тірлік істейді деп таңқалып жатады, – дейді Бибіайша апа. – Меніңше, бұған таңданудың жөні жоқ, адам үнемі қимыл-қозғалыста болса, белсенді өмір салтын ұстанса, жастығын көпке дейін сақтай алады.

Менің адамдарға айтар кеңесім мынадай: Жаттығуды көп жасап, денсаулыққа пайдалы сұйықтарды көп ішіңіздер. Әсіресе қаламыздағы Қошқарата өзенінің суы денсаулыққа өте пайдалы, соны жиірек ішіңіздер. Ол суда ағзаға пайдалы химиялық элементтер өте көп. Дәріханадан қымбатқа дәрі алғанша, аурудың алдын алып, денсаулыққа жақсылап қарау керек.

Мақтанғаным емес, менің еш жерім ауырмайды. Адамдар сәл де болса ойланса екен деймін. Алла-тағалам аманат етіп берген денсаулыққа қиянат жасамауымыз керек. Жұрт осыны ұмытпаса екен».

Бибіайша апа осылай дейді. Ол кісі өмірге 1945-жылы келген екен. Ордабасы ауданында туып-өскен, бойжеткесін Арыс ауданындағы Монтайтас ауылына келін болып түсіпті. Алты бала тәрбиелеп өсірген. Бүгінде Шымкентте тұрады. Балаларынан өрбіген немере-шөберелерге сүйікті әже болып отырған жайы бар.

Рауан Өміржанқызы

Фото: www.zamana.kz
Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: