Лента новостей
0

Петропавлдық кәсіпкер қоқыстан пайда тауып жүр

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 18.01.2017 20:46 Zakon.kz
Іскер азаматтың айтуынша, қала маңындағы полигонға күніне 100 тоннадай қоқыс тасталады екен.
Петропавлдық кәсіпкер тұрмыстық қалдықтарды ақшаға айналдырды. Қайыржан Айсин «Даму» қоры арқылы 20 млн теңге несие алып, полигоннан сұрыптау станциясын ашты, деп жазады Хабар 24 арнасы.

Бұл – әзірге пилоттық жоба. Шағын өндірісте 14 адам жұмыс істейді. Олар күл-қоқысты іріктеп, бөлек-бөлек жинап қояды. Дайын шикізат Алматы, Петропавл қалаларының қайта өңдеу кәсіпорындарына жөнелтіледі.

Іскер азаматтың айтуынша, қала маңындағы полигонға күніне 100 тоннадай қоқыс тасталады екен. Енді ол тағы бір желіні іске қосып, кәсібін кеңейтуді көздеп отыр.

«Біз сұрыптау станцияларын Солтүстік Қазақстан облысы бойынша салуды жоспарлап отырмыз. Бұл өндіріс көлемін арттыруға мүмкіндік береді. Алдағы уақытта қоқысты қайта өңдеуге де көшеміз», - дейді кәсіпкер Қайыржан Айсин.

Фото: Baq.kz

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: