Ақтөбеде қысымға шыдамаған полиция ардагері тәртіп сақшысының кабинетінде көз жұмды
Zakon.kz
Тарасов тым кешкі уақытта полицияға барудың қолайсыз екенін айтса да, тәртіп сақшысы айтқанынан қайтпай тұрып алыпты.
Автокөлікті мұқият айдамағаны үшін деп айыпталған ІІМ ардагері 66 жастағы ақтөбелік қария полицей кабинетінде көз жұмды. Бұл туралы stan.kz, Экспресс К басылымы жариялаған ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.
11 қаңтар күні қарияға кештетіп қоңырау шалған құқық қорғау органының қызметкері жергілікті полиция қызметі мекемесіне жедел жетуді тапсырады. Оның айтуынша, Михаил Тарасов ауладан шыққан соң автотұрақтағы көлікке соғып кетіп, оқиға орынына кетіп қалған. Алайда қария бұл айыптауға қарсы болып, бейнетіркегіштің жазбасын ұсынуға дайын болады. Бірақ, оған оқыс оқиғаны көрген куәгерлер бар деп бой бермеген.
Тарасов тым кешкі уақытта полицияға барудың қолайсыз екенін айтса да, тәртіп сақшысы айтқанынан қайтпай тұрып алыпты.
Немересін ерткен ақсақал кешкі сағат 11-де полиция мекемесіне барады. Бірақ, түнгі уақытта ішке қалай кіру керектігін білмей кері қайтады. Ертесіне де барып, полицейді 12,5 сағат күтіп кетіп қалады. 14 қаңтар күні Тарасов қызы Людмиламен бірге тағы да мекемеге ат басын бұрған.
“Милиция қатарында қызмет етіп жүріп, ол аса қауіпті қылмыскерді ұстау кезінде аяғынан айырылған. Мүгедек болып, жасанды аяқ киіп жүрді. Менің әкеме хабарласқан полицей оқиға орынына бармаған екен. Оған тек қағазды жеткізген”, – дейді қызы Людмила.
Ардагердің қызы тәртіп сақшыларының қарияны мүлде тыңдамай қойғанына сенімді. Кабинетте әңгіме тым шектен шыққан өрескел бағытта өрбіген.
“Әкем айтты: “Жақсы, автосервиске барайық, мен шығынды төлеймін” деп. Полицейлер: “Жоқ, тек сот ғана шешеді. Қазір жаңа ереже” деп тұрып алды. Оны алдын-ала кінәлі етіп қойғандай әсер болды. Сол кезде әкемнің жүрегі қысыла бастады. Ол содан соң еденге құлап түсті”, – дейді қызы.
Полицейлер “жедел жәрдем” шақырғанымен, дәрігерлер қарияның өмірін құтқарып қала алмаған.
Қазір Тарасовтың туысқандары облыстық ІІД-нен жағдайды түсіндіруді сұрауда. Олар полицейлер ақсақалға психологиялық қысым жасады деп санайды. Ал облыстық ІІД болса оқиғаға байланысты қызметтік тексеру жүріп жатқанын хабарлады.
“Егер полицей кінәлі болса, онда ол сол үшін жауап береді”, – деп хабарлады ІІД.
Фото: stan.kz
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript