Лента новостей
0

Астанада 300-ден астам борышкер жұмысқа орналастырылды

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 19.01.2017 18:25 Zakon.kz
Жобаның мақсаты - жұмыссыздарды қызметке орналастыру арқылы алимент төлемейтіндердің санын азайту.
Астанада «Балаңды есіңе ал – алимент төле» жобасы аясында 300-ден астам борышкер жұмысқа орналастырылды. Сондай-ақ тағы 9 адам қызметке орналасу үшін қажетті құжаттарды жинауда, 10 адам компаниялардың жауабын күтуде, деп хабарлайды zakon.kz Астана қаласының прокуратурасы берген ақпаратқа сілтеме жасап.

Жобаның мақсаты - жұмыссыздарды қызметке орналастыру арқылы алимент төлемейтіндердің санын азайту.

Жұмыспен қамту басқармасында қызмет істеуге ниет танытқан жұмыссыз борышкерлердің (білікті электриктер, сантехниктер, экономистер мен заңгерлер) тізімін әзірледі.

Бұл бастаманы астаналық құрылыс компаниялары қолдап, алимент төлемеген 700 борышкерді қызметке алуды ұсынды. Борышкерлерді жұмысқа қабылдау процедурасы басталды. Олардың жалақылары 100 мың мен 200 мың теңге шамасында болмақ.

Әділет департаменті ғимаратындағы жұмыс тобы күн сайын тұрғындарды қабылдап, борышкерлердің мекен-жайлары бойынша рейд жүргізеді. Сондай-ақ қарызын төлеуден жалтарып жүргендерді іздестіру шаралары ұйымдастырылады. Борышкерлерден 23 млн теңгеден астам қаржы өндіріп алынды, кәмелеттік жасқа толмаған балаларына берілді, 45-і әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Фото: www.kolpinec.ru
Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: