Атырауда сотталушы рақымшылықтан бас тартты
Zakon.kz
Сотталушының өтініші назарға алынып, сот қаулысымен пробациялық қызметтің рақымшылық туралы ұсынымы қанағаттандырылмады.
Атырауда тонау қылмысы үшін сотталған адам рақымшылықтан бас тартты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Атырау облысының Исатай аудандық соты Аудандық пробациялық қызметінің Е. Қанатовтың өтелмеген жаза мерзімін ҚР «Рақымшылық туралы» заңы бойынша қысқарту туралы ұсынымын қарады. Бұған дейін сот үкімімен Қанатов тонау қылмысы бойынша кінәлі деп танылып, оған 3 жылға бас бостандығын айыру жазасы берілген. Жаза мерзімінің аяқталуына 5 ай қалды.
Сот отырысында Қанатов рақымшылыққа ілігуден бас тартты. Сотталушының өтініші назарға алынып, сот қаулысымен пробациялық қызметтің рақымшылық туралы ұсынымы қанағаттандырылмады», - деп хабарлайды Атырау облысы Исатай аудандық сотының баспасөз қызметі.
Фото: inform.kz
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript