Лента новостей
0

Ақтөбеліктер мұзға тайып құламаудын жаңа әдісін тапты

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 20.01.2017 16:07 Zakon.kz
Дәрігерлер тек соңғы бір айдын ішінде 400ге жуық тұрғынның мұзға құлап, ақ халаттылардың көмегіне жүгінгендерін айтады.
Ақтөбенің тұрғындары қыста мұзға тайып құламаудын жаңа әдісін тапты. Енді олар аяқ киімнің табанына темір қадап жүретін болған. Өйткені қала көшелері жалтыраған мұз бен көктайғаққа айналған. Ал оны ойып немесе тазартып жатқан жан жоқ. Тұрғындар қыс мезгіліндегі қала көшелерін қардан тазарту жұмыстарына бөлінген 910 миллион теңгенің қайда жұмсалып жатқанын білмейді, деп жазады 31 телеарна.

Құрманай Жәкешева осыдан үш күн бұрын жұмысқа барар жолда аяғы мұзға тайып құлаған. 58 жастағы мұғалім қазір жамбас сүйегі сынып ауруханада жатыр. Тұрғын көшедегі жалтыраған мұзды тазартпайтын құзырлы мекемеге ашулы.

«Көктайғақтың кесірінен жатырмын міне жамбасқа таман сүйегім сынып. Мұзды жерлерге құм сеуіп немесе ломмен ойдырып, сөйтіп қою керек қой адамдардың көп өтетін жеріне», - дейді тұрғын Құрманай Жәкешева.

Ақтөбе көшелеріндегі көктайғақ салдарынан жарақат алушылар да көбейіпті. Дәрігерлер тек соңғы бір айдын ішінде 400ге жуық тұрғынның мұзға құлап, ақ халаттылардың көмегіне жүгінгендерін айтады.

«Соңғы 2-3 күннің ішінде де түсіп жатыр. Көктайғақ болып жатыр. Шамамен сол күніне 6-7 адамдай түседі. Басын соғып алады, аяқтарын қайырып алады. Тек біз емес, темір жол ауруханасы да қабылдайды. Оларда да сондай статистика. Көк мұз тайғақтан түсіп жатқандар бар», - дейді дәрігер Бағлан Рахметов.

Тұрғындардың биылғы қыста қала көшелеріндегі қар тазарту жұмыстарына көңілі толмайды. Жаяу адам жүретін жерлер көзге ілінбейді. Тіпті жалтыраған қалың мұз үстіне тұздың не құмның төгілмейтінін де айтады Амалдары таусылған тұрғындар енді жан бағу үшін аяқ киімдеріне темір қадап жүретін болған. Тұрғындар биылғы қысқы жұмыстарға жергілікті бюджеттен бөлінген қыруар ақшаның қайда кетіп жатқанын түсінбейміз дейді.

Фото: Baq.kz
Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: