Алматыдағы "Ақсай" өзені тасыды
Zakon.kz
Экскаватормен әупірімдеп жүріп суды ожаулап көлікке кұйған құтқарушылар жұмысынан айтарлықтай нәтиже шықпады.
Алматыдағы Қалқаман ықшамауданында "Ақсай" өзені тасып, Райымбек батыр көшесі мен №7 қалалық клиникалық аурухана аумағын су басты, деп жазады 31 арна.
Оның одан ары жайылып кетпеуі үшін Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері сеңді бұзып, жүк көлігіне тиеп, арнаны тазартуда.
Ерсұлтан Калгулов, Құтқару қызметінің эксковатор жүргізушісі:
- Мынау көпірдің асты толған, судың ағысы көп қой, өте алмай жатыр. Асты кішкене бітеліп қалған ғой, күтіп отырмыз қазір әкімшіліктегілер келсе, тағы шара қолданамыз.
Экскаватормен әупірімдеп жүріп суды ожаулап көлікке кұйған құтқарушылар жұмысынан айтарлықтай нәтиже шықпады. Су қайтып ағып, арнаға қарай сауғалап жатты. Жалпы төтенше жағдай 18-нен 19-на қараған түні болған. Таңға дейін құтқару қызметтері Райымбек батыр көшесі мен жаяу жүргіншілер жолын ғана тазартып үлгеріпті.
Фото: ZaRubezhom
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript