Алдағы күндері қар жауып, боран соғады
Zakon.kz
Қазақстанның оңтүстік жартысында қар, сулы қар жауады.
Синоптиктер 2017 жылдың 21-23 қаңтар күндеріне арналған ауа райы болжамын жария етті, деп хабарлайды Baq.kz "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Демалыс күндері және келесі аптаның басында республиканың солтүстік бөлігінде қар жауу, көрінуі 500 метр шамасында нашарлауымен боран, 15-20, жергілікті жерлерде 25 м/с жел және температураның жоғарылауы күтілуде.
Сондай-ақ Қазақстанның оңтүстік жартысында қар, сулы қар, тұман көрінуі 200-500 метр, көктайғақ күтіледі, жексенбі күні республиканың оңтүстігінде күшті батыс желі 20-25 м/с, екпіні 28 м/с дейін күтіледі.
Фото: Baq.kz
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript