Оңтүстік Қазақстанда 7 мың мал басы эспортталған
Zakon.kz
Оңтүстік Қазақстанда ұсақ мал мен ірі қара мал етін өндіруден бөлек, құс етін өндіру жұмыстары да дамытылуда.
Оңтүстік Қазақстан облысында өндірлетін ауыл шаруашылығы өнімдері мен ет экспортының көлемі артып келеді. Жалпы өткен жылдың 11 айы бойынша облыстан 195 млн. АҚШ доллары болатын ауыл шаруашылық және азық-түлік өнімдері экспортталса, оның көлемі 1,3 млн. тоннаны құрады. Бұл туралы ОҚО Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Серік Тұрбеков мәлім етті, деп жазады zakon.kz ОҚО әкімінің баспасөз қызметі берген ақпаратқа сілтеме жасап.
Оның айтуынша, 2016 жылы облыстан етке 6 700 бас ұсақ мал,400 бас ірі қара мал мен 200-ге тарта жылқы еті экспортталды. Оның ішінде «Қайып Ата» ЖШС Біріккен Араб Әмірлігінің MYCo Trading FZE компаниясымен бірлесе отырып 2000 бас қойды Фуджейра қаласына жеткізген. Алдағы уақытта қойды экспортқа шығару бойынша келіссөздер жүргізілсе, Ирандық GO HARD TALAYI PASARGAD компаниясымен жылына 3 мың тонна қой етін экспорттау бойынша келісім-шартқа қол қойылған. Сонымен қатар, қой мен ірі қара мал етін Ирак, Сауд Аравия, Қытай елдеріне экспорттау бойынша келіссөздер жүргізілуде.
«Бұл бағыттағы жұмыстар Елбасының Ұлт жоспары – бес институционалдық реформасын жүзеге асырудың 100 нақты қадамының 61 қадамында көрсетілген ет өндірісі мен өңдеуді дамыту үшін стратегиялық инвесторларды тарту бойынша атқарылған жұмыстардың нәтижесі екенін басқарма басшысы атап өтті. Сонымен қатар, өңірде 2016 жылы жылына 6 мың тонна ет өңдейтін «Қайып ата» ЖШС-нің ет комбинаты іске қосылды. Аталған комбинат халықаралық стандарттарға сай халал ет өңдейді. Және қуаттылығы 3000 бас ірі қара малды бордақылауға арналған 2 жоба жүзеге асырылды. Осылайша біз облыс тұрғындарын етпен 157 пайызға қамтып отырмыз»,-деді Серік Тұрбеков.
Оңтүстік Қазақстанда ұсақ мал мен ірі қара мал етін өндіруден бөлек, құс етін өндіру жұмыстары да дамытылуда. Осындай сәтті жүзеге асқан жобалардың бірі 2010 жылы құрылған «Ордабасы құс» ЖШС. Бұл жоба үндікті жұмыртқадан өсіріп, оны семіртіп, терең өңдеп, дайын өнім шығаратын бірнеше желіден тұрады. Қуаттылығы бойынша жылына 10 мың тонна дайын өнім шығарады. Аталған кәсіпорын Орталық Азиядағы үндік етін ауқымды көлемде өндіріп, экспорттайтын жалғыз құс фабрикасы болып табылады. Оның өнімдерінің 40 пайызы Еуразиялық одақ елдеріне экспортталуда. Қазіргі таңда кәсіпорын қуаттылығын жылына 20 мың тонна өнімге арттырып, Орталық Азия, Еуропа елдеріне, Ауғанстандағы НАТО контингентіне экспорттауды көздеп отыр.
Фото: infourok.ru
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript