Лента новостей
0

Жамбыл облысындағы мектеп оқушылары робот құрастырумен айналысуда

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 23.01.2017 16:24 Zakon.kz
Компьютерлік бағдарламалар арқылы жұмыс істейтін бөлшектерден түрлі роботтар жасауға болады.
Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының ұйытқы болуымен Жамбыл облысындағы мектеп оқушылары робот құрастырумен айналысуда. Бұл туралы zakon.kz ТарМПИ-дың ресми өкілі Жандар Асан берген ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Заман талабына сай өскелең ұрпақтың ой-өрісін кеңейтіп, жан-жақты дамуына жол ашу мақсатымен жүзеге асырылған арнайы жоба бұған дейін Жамбыл облысының Байзақ, Жуалы, Жамбыл аудандарында және Тараз қаласындағы мектептерде жүзеге асырылды.

"Робот техникаларымен жұмыс істеу балалардың ойлау қабілетін дамытып, өзге пәндерді де жақсы меңгеруіне септігін тигізеді. Институт студенттері Lego құрастырмалы бөлшектерінен арнайы бағдарлама арқылы өздігінен жүретін түрлі роботты көліктер, арнайы ұяшыққа сәйкес түстерді анықтап салатын жылжымалы техникаларды және түрлі кедергілер кездессе де өз бағытынан таймайтын танкілерді құрастыруды үйретуде. Оқушылар бастапқыда шағын машиналар құрастыра келе кейін күрделі бағдарламаларға көшеді. Мақсатымыз – ауылдық жерлердегі мектеп жасындағы балаларға робот техникаларын құрастыруды жете таныстыру, заманауи технологиялармен жұмыс істеуге машықтандыру", – дейді шара ұйымдастырушылары.

Компьютерлік бағдарламалар арқылы жұмыс істейтін бөлшектерден түрлі роботтар жасауға болады. Балалардың шығармашылықтың тың түрімен айналысуына мүмкіндік беретін аталған жоба алдағы уақытта өңірдің өзге де аудандарындағы білім ошақтарында жүргізілмек. ТарМПИ ұжымы бұл игі істі жыл бойында жалғастыруды көздеп отыр.



Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: