Лента новостей
0

Ақтөбелік келіншек перзентханадан шыға сала баласын сатып жіберді

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 23.01.2017 21:06 Zakon.kz
Бала сату дерегі 18 қаңтар күні тіркелген.
Ақтөбелік келіншек перзентханадан шыққан күні сол маңда баласын сатып жіберді. Қазір оқиға бойынша тергеу жұмысы басталды. Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Лаура Забих айтты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат».

Бала сату дерегі 18 қаңтар күні тіркелген. Облыстық Ішкі істер департаменті қазір тергеу жұмыстарын жан-жақты жүргізіп жатыр.

«Облыстық ІІД-нің қызметкерлері жедел іздестіру жұмысын жүргізді. Ақтөбе қаласындағы перинаталды орталықта босанып, кейін перзентханадан шыға бере баласын сатып жіберген Б. есімді азаматша қазір тергеу оқшаулағышында отыр. Оқиғаға байланысты Қылмыстық кодекстің «Кәмелетке толмаған баланы сату» бабы бойынша іс қозғалды»,- деді облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Лаура Забих.

Айта кетейік, Қылмыстық кодекс бойынша «кәмелетке толмаған адамды сатып алу-сату немесе оған қатысты өзге де мәмілелер жасасу, сол сияқты оны қанау немесе азғырып көндіру, тасымалдау, беру, жасыру, алу, сондай-ақ қанау мақсатында өзге де іс-әрекеттер жасау» жазасы ауыр. Егер күдіктінің кінәсі дәлелденсе, оның мүлкі тәркіленіп, 5 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруы мүмкін.

Алтынай Сағындықова
Фото: Kukuzya.ru
Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: