Лента новостей
0

Оңтүстікте құлағалы тұрған көпір елдің үрейін алуда

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 24.01.2017 23:06 Zakon.kz
Әкімдіктің жиналған жұрт алдына аудандық полиция басшысын шақырту әрекеті де нәтижесіз болды.
Оңтүстікте Ордабасының Темірланға кіре берісінде көлік өтетін жалғыз көпір бар. Сол көпір құлаудың шақ алдында тұр деп, тұрғындар шу шығарып жатыр. Айтуларынша, Арыс өзені жағалауындағы тастарды қазып бітірген ұрылар, енді көпірдің астын қаза бастаған. Кесірінен судың арнасы бұзылып, 30-40 жылдық талдар түбімен жойылып жатыр дейді. Бұл туралы 31 арна жазды.
Бұл темірландық тұрғындардың өзен маңына өздері келіп, тас ұрлаушыларды бейнетаспаға түсірген көрінісі. Ауыр техникалардың бірі тас қазса, қалғандары қаз-қатар кезектесіп оны тасымалдап жатыр. Бұдан бөлек тұрғындар өзен жағалауындағы талдардың есепсіз қырқылып жатқанына налып отыр. Ал тас ұрлаушылардың алысқа бармай-ақ, көпір тіреуішінің астын үңгіп қаза бастағанын тіпті басынушылық демеске амалымыз жоқ деп отыр.
Әбілқасым Біржанов, Тұрғын:

- Қадаларды құлатуы ықтимал. Көпір міне жарылып тұр қазіргі таңда.
Жүсіпәлі Жәнібек, Тұрғын:

- Бұл көпір үш-төрт жыл болды тамшылап жатқанына. Үлкен-үлкен столбалардың түбінен қазып алып жатқаны бұл масқарашылық қой. Бұл енді отарлау.
Жергілікті билік жиналған халыққа мәселе қаралып жатыр деп мән-жайды түсіндірмек болды. Аудан әкімі орынбасары халыққа әкімге кірейік деп ұсыныс айтты. Алайда шағымданушылар облысқа барамыз, нәтиже болмаса аудан тұтас жиналады деп ескерту жасады.
Әкімдіктің жиналған жұрт алдына аудандық полиция басшысын шақырту әрекеті де нәтижесіз болды. Өкілдерімді жіберемін дегенінен кейін, артынша жеткен полициядағылар тұрғындарды қылмыстық іс қозғалды деп жұбатпақ болды. Алайда қай баппен, кімге қатысты деген сауалға жауап айтылмады. Ал шағымды қараушы экология департаментіндегілер тексерудің екі-үш күнде басталатынын, бір ай мерзімде шағым иесіне жауап болатынын айтады.
Қанатбек Сақбаев, ОҚО Экология департаменті бөлім басшысы міндетін атқарушы:

- Егер заң бұзушылық анықталып жатқан жағдайда, Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 139 бабы 1 тармағы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылады.
Аудан әкімдігі халықтың шағымы бойынша жергілікті полицияға тапсырма берілгенін айтқанымен, оның нәтижесінен тұрғындар хабарсыз болып шықты. Ал эколог-мамандар болса, екі-үш күнде су қойнауына, жерге жауапты мамандарды жинастырсақ, отыз күн ішінде ғана арыз иесіне жазбаша жауап берілетін болады деп отыр.
Ерлан Қуандықов, Ержан Сейдәзімов

Фото: Otyrar.kz
Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: