Лента новостей
0

Таразда Ұлы Дала Елінің құндылықтары талқыланды

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 25.01.2017 22:30 Zakon.kz
Іс-шара барысында кітап көрмесі ұйымдастырылып, келіп түскен материалдар негізінде арнайы жинақ шығарылатын болады.
Тараз мемлекеттік педагогикалық институтында "Ұлы Дала Елі құндылықтары және ғаламдық білім беру индустриясындағы интеграция" атты Республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті. Бұл туралы zakon.kz ТарМПИ-дың ресми өкілі Жандар Асан берген ақпаратқа сілтеме беріп хабарлайды.

Алқалы жиынға мемлекет және қоғам қайраткерлері, белгілі ғалым-зерттеушілер, танымал тіл мамандары және жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылары қатысты.

Конференцияда Мәңгілік Ел болуды мұрат тұтқан Ұлы Дала Елінің рухани құндылықтарын жас ұрпақтың санасына сіңіру, ғылым мен білім беру индустриясындағы интеграциялау үдерістерін дамыту мәселелері әңгіме өзегіне айналды. Сонымен қатар жиын барысында жоғары оқу орындары мен жалпы білім беру мекемелеріндегі жаңаша ойлайтын, зияткерлік капитал мен инновациялық технологияны игерген заманауи ұстаздар мен ғалымдар арасында пікірталас өрбіді.

Конференцияның пленарлық мәжілісінде алғаш болып сөз алған Сүлейман Демирел атындағы университет ректорының кеңесшісі, филология ғылымдарының докторы, профессор Дандай Ысқақұлы "Көп тілді үйретудің кейбір өзекті мәселелері" тақырыбында баяндама жасады.

– Ұлттың өркендеуі үшін, ұлт мықты болуы үшін оның тілі мықты болуы керек. Тіл мықты болуы үшін оның атқаратын белгілі қызметтері бар. Ол жалпы халықтық тіл болуы керек, ол мектептің, қызмет көрсетудің, ғылымның, білімнің және халықаралық қарым-қатынас тілі болуы керек, – деді Дандай Ысқақұлы.

Сонымен қатар, жиын барысында "Махмұд Қашқари «Сөздігіндегі» бір-екі дыбыс ауысқан сөздер үлесі" тақырыбында филология ғылымдарының докторы, профессор Ыспандияр Ақайұлы, "С.Шәймерденовтің "Өмір нұры" повесінде кейіпкерлер бейнесінің берілу жолдары" тақырыбында М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-дың Қазақ филологиясы кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Жанбай Қадыров, "Көркем мәтіндегі "Ойсурет концептісі" тақырыбында С. Торайғыров атындағы ПМУ-дың профессоры, филология ғылымдарының кандидаты Гүлжан Кәрібжанова, "Мәңгілік Ел идеясы және білім беру саласындағы интеграция" тақырыбында ТарМПИ-дың Қазақ филологиясы кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Тұрсынай Әбдіқадырова және "Ұлттық әдебиеттегі даналық мәселесі" тақырыбында М.Х. Дулати атындағы ТарМУ-дың доценті, филология ғылымдарының кандидаты Темірбай Мұқашев сынды ғалымдар баяндама жасады.

Іс-шара барысында кітап көрмесі ұйымдастырылып, келіп түскен материалдар негізінде арнайы жинақ шығарылатын болады.

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: