Лента новостей
0

БҚО-да алты жасар қыз бала автокөліктің астына түсіп, көз жұмды

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 25.01.2017 23:21 Zakon.kz
Денесінің 20 пайызын күйік шалған.
Батыс Қазақстан облысында кішкентай балалар арасында оқыс оқиғалар жиілеп кетті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.

БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Флюра Саматованың мәлім еткеніндей, басқасын айтпағанда, жыл басынан бері балдырғандар қатты күйіп қалған төрт бірдей оқиға тіркелді. Кеше Қазталов ауданы Жалпақтал ауылында 11 айлық қыз бала ыстық суға күйіп қалған.

Оның денесінің 20 пайызын күйік шалған. Бұдан бірер күн бұрын Оралға қарасты Серебряков кентінде 1 жас 8 айға толған қыз бала дәл сондай жағдайға тап болып, денесінің 63 пайызын күйік шалған. Қазір екеуі де облыстық көп бейінді балалар ауруханасында емделуде. Сондай-ақ 23 қаңтар күні түс қайта Бөкей ордасы ауданы Хан ордасы ауылында 2011 жылғы қыз бала шанамен сырғанап келе жатып, автокөліктің астына кіріп кетіп, қайтыс болған.

«Мұның барлығының басты себебі - ата-аналарының балаларын қараусыз қалдыруы», - деді Ф.Саматова.

Фото: inform.kz
Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: