Лента новостей
0

Қарағанды облысының тұрғындары білім басқармасынан Тұзды ауылдық мектебін тексеруді талап етті

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 26.01.2017 15:51 Zakon.kz
20 жылдық өтілі бар ұстаз Жаңагүл Әбілқайырова өздерін балағаттап қана қоймай, ата-аналарын да тіл тигізеді екен.
Қарағанды облысының тұрғындары білім басқармасынан Тұзды ауылдық мектебін жедел тексеруді талап етті. Екі күн бойы шағымданып жатқан ата-аналар балаларының болашағына алаңдаймыз деп отыр. Өйткені директордың тәрбие ісі жөніндегі меңгерушісі оқушыларға тіл тигізіп, қол да жұмсайды дейді. Бұл туралы 31 телеарна хабарлайды.
130-ға жуық оқушысы бар мектепте кешеден бері осы. «Сабақ үстінде «шалақазақ», «топас» деп тіл тигізетін тәрбие ісі жөніндегі меңгерушінің әрекетінен әбден мезі болдық», -дейді оқушылар. Сөздерінше, 20 жылдық өтілі бар ұстаз Жаңагүл Әбілқайырова өздерін балағаттап қана қоймай, ата-аналарын да тіл тигізеді екен.
Хақназар Әбдікенов, 8 сынып оқушысы:

- «Шалақазақ», «Бестолковые», «Бараны» дейді. Әкеңді жұмыстан шығарам деді.
Екі күннен бері басы даудан арылмаған мектептің оқушыларын қойып, бүгін оқу орны ұжымының өзі меңгерушінің әрекетіне қарсылық білдірді. Балаларды дөрекі сөздермен балағаттағанын растаған ұстаздар «Жаңагүл Әбілқайырованың кесірінен оқушылар мектепке келуден қалды», - дейді. Сондықтан сегізінші сыныптың жетекшісі шәкірттерді жетектеп апаратын болған екен.
Диана Сейітова, 8 сыныптың жетекшісі:

- Енді менің балаларым мектепке келген кезде 9 январьдан бастап біз сабаққа қатыспаймыз дейді. Осы балаларды мен ертіп апарам. Барып кіріңдер, не болса да шешеді әрі қарай.
Айгүл Торғаутова, География пәнінің мұғалімі:

- Я только единственное скажу здесь обстановка отвратительная. Қазақша да айтам, орысша да айтам. Пора в этой школе порядок наводить.
Бірақ көпшіліктің көзінше балаларымыздың ар-намысына тиіп, оқушыларды қойға теңеді деген наразы топқа тәрбие ісі жөніндегі меңгеруші шықпады. Есесіне, оқушылардың да, ата-аналардың да, әріптестерінің де айтқаны жалған деді.
Жаңагүл Әбілқайырова, Тұзды ауылы мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі меңгерушісі:

- Мен жоққа шығарамын. Өтірік.
Ата-аналар жиналған уақытта мектеп директоры ауданға кетіпті. Облыстық білім басқармасындағылар Тұзды ауылының халқынан ешқандай шағым түскен жоқ дейді. Ал ата-аналар мектепте тәртіп орнатуды, директордан бастап еден жуушыға дейін тексеруді талап етіп отыр.
Мейрамгүл Салқымбаева, Жасұлан Мақұлбеков

Фото: stan.kz
Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: