Қазақстанда бензин бағасы тағы да қымбаттайды деп болжануда
Zakon.kz
Аи-92 маркалы бензин литріне 140, 145 теңгеге дейін көтерілуі мүмкін.
Қазақстанда бензин бағасы тағы да шарықтап кетуі мүмкін. Қазмұнайгаз еліміздегі ең танымал бензин маркаларының бағасы жақында тағы да өсе түседі деп болжап отыр. Бұл туралы stan.kz, “Евразия” арнасы берген ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.
Аи-92 маркалы бензин литріне 140, 145 теңгеге дейін көтерілуі мүмкін. Компания сарапшыларының айтуынша, бұл көтерме бағаның өзгеруіне тікелей байланысты. Бағаның өсуі былтырғы жылдың өзінде Ресейден келетін бензин импортына тәуелді солтүстік облыстарды қатты байқалған.
Ол аймақтарда 92 маркалы бензин 140-142 теңгеден саудаланған. Жыл соңында жанармай тұтыну арта түсіп, сол себептен қосалқы қор төмендеген. Енді оның орнын толтыру үшін қосымша импорт қажет.
Бұл өз кезегінде бензин бағасының өсуіне әсер етеді. Бұл ретте дизельді отын бағасы тұрақты қалпында қала бермек.
Фото: stan.kz
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript