Қостанай облысында омбы қардың биіктігі 3 метрге жетті
Zakon.kz
Қарасу ауданындағы үй-жайдың бәрі дерлік қар астында қалды.
Қостанай облысы қардың биіктігі үш метрге жетті. Үйлер қардың астында қалды, деп хабарлады ҚазАқпарат, alau.kz жариялаған ақпаратқа сілтеме жасап.
Соңғы күндері Қостанай облысында бұрқасын мен боран соқты. Жол «дәліздерінің» биіктігі үш метрге дейін жетті.
Қарасу ауданындағы үй-жайдың бәрі дерлік қар астында қалды. Тұрғындар өз үйлерін қардан аршып жатыр. Қостанайдағы «Қазгидромет» филиалы синоптиктерінің болжауынша, Наурызым ауданына бір тәулікте 58 см, Қарасу ауданына - 34 см қар жауған.
Өңірде жолдар жабылып, адамдар мен көліктерді қар құрсауынан шығару бойынша құтқару операциялары жүруде. Синоптиктер қардан кейін аяз болады деп болжауда. Бүгін автокөлік қозғалысы үшін барлық жолдар ашылды.
Фото: inform.kz
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript