Лента новостей
0

Былтыр елімізге 33,7 мыңнан астам оралман келді

zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 26.01.2017 22:00 Фото: zakon.kz
Елге оралған қандастарымыздың 65,4% - еңбекке қабілетті жаста болса, 16 жасқа дейінгілері – 28,6%, зейнеткерлер - 6% құрайды.
2016 жылы 16 мың 417 отбасы немесе 33 мың 754 этникалық қазақ тарихи Отанына қайта оралып, оралман мәртебесін алды. Қазақстанға келген оралмандардың көпшілігі, яғни, 65,5% - Өзбекстаннан келген. Сондай-ақ, 24,9% - Қытайдан, 3,2% - Түрікменстаннан, 2,7% - Моңғолиядан, 3,7% - өзге елдерден оралған қандастарымыз, деп хабарлайды Baq.kz.

Олардың басым бөлігі, яғни 33,9% - Оңтүстік Қазақстан облысына, 25,4% - Алматы облысына, 10,6% - Маңғыстау облысына, 5,8% - Жамбыл облысына, 24,3% - еліміздің өзге өңірлеріне қоныстанды.

Елге оралған қандастарымыздың 65,4% - еңбекке қабілетті жаста болса, 16 жасқа дейінгілері – 28,6%, зейнеткерлер - 6% құрайды.

Еңбекке жарамды этникалық қазақтардың 10,8%-ның жоғарғы білімі бар болса, 20,3%-ында орта арнаулы білім бар, 65% - жалпы орта білімі бар азаматтар, ал 3,9%-ның білімі жоқ.

Естеріңізге сала кетейік, «Кейбір заңнамалық актілерге халықтың көші-қоны және жұмыспен қамтылуы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңында этникалық қазақтарды тарихи отанына оралуын ыңталандыру мақсатында:

- этникалық қазақтарға қоныстану өңіріне қарамастан оралман мәртебесін беру. Оларға шетелдік азаматтарға қарағанда көші-қон полициясына хабарласу арқылы төлем қабілетін растаусыз уақытша тұру ықтиярхатын алу мүмкіндігі беріледі;

- этникалық қазақтарға Үкімет белгілеген өңірлерге қоныстанған жағдайда әлеуметтік пакет беру. Сондай-ақ, еліміздің кез келген өңірінен Үкімет айқындаған екінші өңірге қоныстанған оралманның әлеуметтік қолдауды алуға мүмкіндігі болады. Егер олар қоныстанған өңірден 5 жыл мерзімнен бұрын қоныс аударып кететін болса, алған көмектерін Үкіметке қайтару міндеттері қарастырылған.

- оралмандарға Қазақстан Республикасының азаматтығын беру мерзімін уақытша тұру ықтиярхатын алғаннан кейін 1 жылға дейін қысқарту көзделеді, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.

Фото: Baq.kz

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: