Алматы облысында есірткі тасымалдаған екі азамат ұсталды
Фото: zakon.kz
Екі күдікті де Жамбыл АІІБ-нің уақытша ұстау изоляторына жеткізілді.
«Алматы-Бішкек» тас жолында орналасқан полиция бекетінде есірткіні алып өтпек болған 52 жастағы Шығыс Қазақстан және 34 жастағы Жамбыл облыстарының тұрғындары ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Volkswagen Sharan» автокөлігінің жүк салғышына тығылған 11,5 келі қаптағы марихуана табылды. Аталған затты полиция бекетінде есірткіні іздеу үшін қолданылатын «Бөрібасар» есімді қызметтік ит сезген.
Анықталғандай қап ұсталған автокөліктегі жолаушылардың біріне тиесілі болып шықты. Сондай-ақ, қызметтік иттің назары басқа да жолаушыға түсіп, жеке тексеру кезінде одан полиция қызметкерлері 940 грамм гашишті анықтады.
Есірткіні заңсыз сақтап, тасу оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Екі күдікті де Жамбыл АІІБ-нің уақытша ұстау изоляторына жеткізілді.
2017 жылдың басынан бері өңірде заңсыз айналымнан 50 келіге жуық түрлі есірткі анықталып, тәркіленді. Оның ішінде героин, гашиш және марихуана бар.
Фото: inform.kz
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript