Лента новостей
0

Шетелден 56 миллион доллар елімізге қайтарылды

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 27.01.2017 18:38 Zakon.kz
Активтерге жедел тосқауыл қойып, елге қайтару бойынша 186 тергеуші мен прокурор арнайы оқытылған.
Бүгінгі таңда шетелге заңсыз шығарылған 56 миллион доллар көлемінде қаржыға тосқауыл қойылған. Бұл туралы бүгін Прокуратураның 2016 жылды қорытындылаған жиынында ҚР Бас прокурорының орынбасары Андрей Кравченко айтты, деп хабарлайды Baq.kz.

«Төртінші жоба шетелде жинақталған қылмыстық активтерді іздестіру мен қайтару бойынша жұмыс алгоритмін түпкілікті жақсартуға мүмкіндік береді. Бұл кез келген ел үшін аса өзекті. Келтірілген залал көлемі миллиардтаған доллармен есептеледі. Бізге БҰҰ, Дүниежүзілік банк, Италия, Литва, Израиль, АҚШ, Ұлыбританияның сарапшылары көмектесуде», - дейді прокурордың орынбасары.

Андрей Кравченко осы бағытта атқарылған жұмысқа тоқталып өтті. Оның айтуынша, активтерге жедел тосқауыл қойып, елге қайтару бойынша 186 тергеуші мен прокурор арнайы оқытылған.

«Бүгінде шетелде Қазақстанның 56 млн доллар қаржысына тосқауыл қойылды», – деп түйіндеді ол.

Фото: Baq.kz
Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: