Лента новостей
0

Ақтөбедегі түрмеден 6 адам бостандыққа шықты

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 27.01.2017 21:33 Zakon.kz
Ақтөбе облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы рақымшылыққа іліккен азаматтарды жұмысқа орналастыруға кірісті.
Бүгін Ақтөбедегі КА 168/2 түзету мекемесінен 6 адам бостандыққа шықты. Олардың үшеуіне бас бостандығынан шектеу жазасы кесіліп, үшеуі айыппұл төледі, деп хабарлайды «ҚазАқпарат».

«Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаменті, КА 168/2 түзету мекемесінде ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына байланысты сотталғандарға рақымшылық жасалды. Барлығы 288 адам бостандыққа шығарылады. Оның ішінде алтауы ауыр емес қылмыс жасаған. Қазіргі күні төртеуі бостандықта жүр. Орта ауыр қылмыс жасағандардың 48-і де рақымшылыққа ілікті. Олардың 17-і бас бостандығынан шектеу жазасымен шығады, екеуі айыппұл төледі. Мемлекет пайдасына 1 миллион 400 мың теңге өндірілді»,- деді КА 168/2 түзету мекемесі тәрбие бөлімінің бастығы Бағдат Исмаилов.

Рақымшылық заңы бойынша ауыр қылмыс жасаған сотталушылардың өтелмеген мерзімі шегеріліп жатыр. Ал бүгін орташа ауыр қылмыс жасаған 6 адам бостандыққа шықты. Қылмыскердің үшеуі бас бостандығынан шектеу жазасымен еркіндікке жіберіліп, үшеуі айыппұл төледі. «Балалармен төбелесіп, 3 жылға бас бостандығымнан айырылдым.

«Бұзақылық» бабы бойынша істі болып, 8 жыл бойы түрмеде отырдым. Рақымшылыққа ілігетінімді жаңа жылдың алдында біліп, осы күнді асыға күттім. Бүгін қуанышты күн. Отбасыммен, балаларыммен қауышамын. Біз секілді адасқандардың түзу жолға түсіп, жақсы азамат болуына септігін тигізген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыс айтамыз. Рақымшылық заңы біз үшін екінші мүмкіндік сыйлады»,- деді сотталушы Нұрдәулет Жапақов.

Еске салсақ, Ақтөбе облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы рақымшылыққа іліккен азаматтарды жұмысқа орналастыруға кірісті. Олар үшін қазір 200-ден астам жұмыс орны ұсынылып отыр. Орташа жалақы 50 мың теңге. Әзірге бостандыққа шыққандардың бірде-бірі жұмыс іздеп, жұмыспен қамту орталығына бармаған.

Алтынай Сағындықова

Фото: inform.kz
Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: