Оралда ерлі-зайыптыны өлтірген тұрғын 20 жылға сотталды
Zakon.kz
Үстел басында сотталушы өзімен сөзге келген Ирина Зайцеваның жүрек тұсына пышақ салады.
БҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен Игорь Алексеенко ҚР ҚК 99-бабы 2-бөлігімен 20 жылға бас бостандығынан айырылды, соның бес жылын ерекше тәртіптегі түзету колониясында өтейтін болады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.
Сот талқысында белгілі болғанындай, өткен жылғы 28 қазанда И.Алексеенко зайыбымен бірге жаңа техниканы «жуған» таныстарының үйіне барады. Сол үйде ерлі-зайыпты Алексей мен Ирина Зайцевтер де болады.
Үстел басында сотталушы өзімен сөзге келген Ирина Зайцеваның жүрек тұсына пышақ салады. Содан кейін әйелін қорғамақ болған Алексейге де кеуде тұсынан алты рет пышақ сұғады. Аса қатыгездікпен жасалған қылмыс Зайцевтердің он жасар ұлы Максимнің көзінше болған. Сотталушы өз кінәсін мойындады. Сот сонымен қатар одан жәбірленуші тарапқа моральдық залал ретінде 2 млн. теңге өндірді.
Айта кетейік, марқұмдардың соңында екі баласы қалды, қазір оларды әжесі тәрбиелеуде.
Фото: inform.kz
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript