Еліміздің әскери соты өткен жылы 264 қылмыстық істі қараған
Zakon.kz
Әскери соттар өткен жылы қоғамдық пікір туғызған даулы екі қылмыстық істі қарап, үкім шығарған.
Еліміздің әскери соты өткен жылы 264 қылмыстық істі қараған. Соның ішінде 255 азаматқа қатысты үкім шығарылды, деп жазады Хабар 24 арнасы.
Бұл туралы Қазақстанның Әскери соты қылмыстық істер алқасының төрағасы Жандос Мұсабекұлы мәлімдеді.
Ведомства жұмысын қортындылаған төраға аталған істердің басым бөлігі әскери қылмыстар екенін айтты. Соның ішінде әскерилер арасындағы қарым-қатынастарға қатысты ережелерді бұзу, сондай-ақ қызмет бабын асыра пайдалану әрекеттері де бар.
Сондай-ақ, әскери соттар өткен жылы қоғамдық пікір туғызған даулы екі қылмыстық істі қарап, үкім шығарған. Солардың бірі – сыра зауытының басшысы Т.Төлешовке қатысты сот үкімі заңды күшіне енді.
Фото: 24.kz
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript