Лента новостей
0

Н.Нығматулин: Елбасы Жолдауы Қазақстанымыздың даму тарихындағы жаңа кезеңді бастады

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 01.02.2017 16:19 Zakon.kz
Депутаттық корпустың алдында тұрған ендігі басты міндет – маңызды құжатты еліміздің әрбір азаматына, әрбір отбасына жеткізіп, түсіндіру.
Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулин Палатаның бүгінгі жалпы отырысын Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан Халқына арнаған Жолдауынан бастады. Бұл туралы zakon.kz ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының баспасөз қызметі берген ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Жолдаудың кеше ғана барлық ақпарат құралдарында жарық көргенін алға тартқан, Н. Нығматулин:

-Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Жолдауы – еліміздің тарихи белесін бастаған өте маңызды құжат. Онда Елбасымыз Қазақстан дамуының жаңа бағыттарын белгілеп берді.
Осы кезеңде әсіресе, ұлттық экономиканы көтеруге ерекше көңіл бөлінді. Бұл ең алдымен халықтың әлеуметтік жағдайын күшейтуге ықпал етеді,-деді.

Спикер атап өткендей, Жолдау заң шығару органының алдағы нақты мақсаттарын көрсетумен қатар, «100 нақты қадам» Ұлт Жоспары аясында «Қазақстан-2050» Стратегиясын нәтижелі жүзеге асыру үшін барша қазақстандықтарды бір мақсатқа біріктіретін қуатты күшке ие.

Депутаттық корпустың алдында тұрған ендігі басты міндет – маңызды құжатты еліміздің әрбір азаматына, әрбір отбасына жеткізіп, түсіндіру. Кең көлемде насихат жұмыстарын қолға алу.
Осыған байланысты ертеңнен бастап Мәжіліс депутаттары барлық аймақтарды аралап, халықпен кездесуге шығады.

Фото: azisait.kz








Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: