Лента новостей
0

Ақтауда ата-аналар мектеп асханасындағы тарақандарға шағымданды

zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 01.02.2017 18:34 Фото: zakon.kz
Білім беру мекемесінің басшылығы бұл мәселені жақсы біледі, бірақ жәндіктерден уақытша ғана арыла алады.
Ата-аналар мектеп асханасы мен кабинеттердің едені мен қабырғасында тарақандар өріп жүргенін айтуда. Оқу ордасының басшылығы бұл мәселені жақсы біледі, олар мекемені дәрілегенде ғана жәндіктерден уақытша құтылатындығын айтуда, деп жазады ҚазАқпарат Lada.kz жариялаған ақпаратқа сілтеме жасап.

№6 мектеп директорының айтуынша, мәселені түбегейлі шешу үшін биыл күрделі жөндеу жүргізу жоспарланған. Ата-аналардың айтуынша, балалары мектеп асханасында тамақ ішіп отырғанда қабырғаларда тарақандар өрмелеп жүреді екен.

- Бүгін қызым мектептен келіп, қабырғадан үлкен тарақан көргенін айтты. Бұл ақылға қонымсыз, 21 ғасырда өмір сүріп жатырмыз, олардан құтылудың амалы жоқ па, - деп шағымданды ата-ата.

Білім беру мекемесінің басшылығы бұл мәселені жақсы біледі, бірақ жәндіктерден уақытша ғана арыла алады. Каникулдар мен мерекелер кезінде, дезинсекция жүргізіледі. Соңғы рет мамандар қаңтар айының басында мектепті дәрілеген.

«- Бұл мәселе баяғыдан бар. Мектеп жертөлесіндегі дымқылдан тарақандар пайда болды. Жертөледе құбырлар жарылады, бір жерін жөнге келтірсек, екінші тұсы жарылады. Желі әбден тозған. Мектептің салынғанына 48 жыл болған, соңғы 10 жылда күрделі жөндеу жүргізілмеген. Биыл күрделі жөндеу жүргізуді жоспарлап отырмыз», - деді Ақтау қ. №6 мектептің директоры Жанаргүл Жұмашева.

Ж.Жұмашеваның айтуынша, күрделі жөндеу жұмыстары 10 айға созылады. Оқу үдерісін үзбей, уақытында бітіру үшін жөндеу жұмыстары жертөледен емес, акт залынан басталады. Себебі, қысқы уақытта мекемені жылу жүйесін ажыратуға болмайды.

Фото: lada.kz


Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: